Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми Президент Өкілеттігінің берілу тәртібін түсіндірді.
«Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Конституциялық құқығын және де тарихи миссиясын толықтай іске асырып, Қазақстан Республикасының Президенті Өкілеттігін өз еркімен тоқтатты. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының бірінші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа көшеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап қызметіне кіріседі» деді Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми.