Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Президент өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктеріне тоқталды.
«Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап халықтың әлеуметтік ахуалын көтеруге бағытталған нарықтық экономикасы бар қуатты егемен мемлекет құру ісіне білек сыбана кірісті. Қилы жолда теңдессіз табыстарға қол жеткізді» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Тұңғыш Президент Жолдауларының маңызын, нәтижелі болғанын баса айтты.