• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2019

«Менің атымды Елбасы қойған»

1417 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы №67 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ерсұлтан Бақтыбаев «Менің атымды Елбасы қойған» дейді.

«Сіз, мен шыр етіп дүниеге келген 2005 жылы Қосжар елді мекеніне келген сапарыңызда атам Бақтыбайдың өтінішімен менің есімімді Ерсұлтан деп қойдыңыз. Мен қазір 8-сыныпта оқимын. 14 жастамын. Уақыт өте жылдам. Зымырап 14 жыл өте шықты. Осы кезге дейін Сіздің үмітіңізді ақтау жолында озат, тәрбиелі оқушы атанып келемін.

Сіздің егеменді елімізге, барша халыққа деген еңбегіңіз зор. Сіздің әрбір ісіңізді үлгі етіп, еңбегіңізді ақтаймын.

Болашақта білімді азамат боп өсуге уәде етемін» дейді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы