• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2012

Әлем-жәлем әлем

262 рет
көрсетілді

Әлем-жәлем әлем

Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:05

Пара алудың жолы сан тарау

Ресейдің Екатеринбург қаласында жол полициясының қызметкері жолережесін бұзған жүргізушіден банкомат арқылы пара алып жатқанынкөрсететін бейнеролик интернетке ілінген. Сөйтсе, жүргізушіжазғанның қалтасында қолма-қол ақша болмай шыққанға ұқсайды.

 

Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:05

Пара алудың жолы сан тарау

Ресейдің Екатеринбург қаласында жол полициясының қызметкері жолережесін бұзған жүргізушіден банкомат арқылы пара алып жатқанынкөрсететін бейнеролик интернетке ілінген. Сөйтсе, жүргізушіжазғанның қалтасында қолма-қол ақша болмай шыққанға ұқсайды.

Жол инспекторы жол ережесін бұзғанның көлігін айып тұрағына қоямын деп қоқан-лоқы жасап, әлгінің банк кәртішкесі арқылы өзінің есеп-шотына тиісті соманы аудартып алған.  Бейнероликте полиция қызметкерінің қанша ақша аудартқаны көрсетілмейді және әрекеттің қаланың дәл қай жерінде орын алғаны нақтыланбайды.

Күмәнді жетістіктерге де сыйлық бар

20 қыркүйекте Гарвард университетінде ғылымдағы аса күмәндіжетістіктер үшін берілетін антинобельдік сыйлық тапсырусалтанаты болып өтті. Сыйлықтар 10 категория бойынша иелерінтапты.

Үстіміздегі жылғы антинобельдік сыйлықтардың иегерлері қатарында Игорь Петровтың жетекшілігіндегі бір топ ресейлік инженерлер де бар. Челябі облысының Снежинск қала­сындағы SKN компаниясының мамандары сыйлыққа ескі жарылғышты алмасқа айналдыруға мүмкіндік бере­тін технологияны ойлап тапқаны үшін лайықты деп танылған. Эйфель мұнарасына сол жақтан еңкейіп қараса төмен көрінеді деп түсінік берген голландиялық психологтар да антинобельдік сыйлық иеленген.

«Пираттар әңгімесі күніне» наразылық

АҚШ-та 1995 жылдың 19 қыркүйегінен бері жыл сайын «Пираттарәңгімесі күні» аталып өтіп келеді. Мереке кезінде барлыққатысушылар пираттардың киімін киіп, қалжың түрінде олардыңәңгімесін қайталауға тырысады. Шара кезінде түрлі конкурстарұйымдастырылады. Мерекенің отаны Орегон болып табылады.

Америкалық бұрынғы шенеунік әйел Джо-Энн Голден бүгінде халықаралық деп айдар тағылған бұл күнді атап өтуге наразы. Ол пираттардың қатыгез қылмыскерлер екенін, тіпті кей жағдайда адам өлтіруден де тайынбайтынын айта келіп, мұндай мерекені орынсыз деп есептейді. Қазір АҚШ-та мұндай ұстанымдағы адамдар саны артып келе жатқан секілді.

Жүрегінде махаббат отын маздатып…

Канадалық тіс дәрігері Сэнди Крокер  осыдан тура бір жыл бұрынбірнеше минөт қана тіл қатыса алған бойжеткенді қайтакездестірмек ниетінде. Ниетін жүзеге асыру үшін ол 8 мың шақырымжол жүрген. 34 жастағы медик  ирландиялық бойжеткенді ұмытаалмағандығын тағдырдың жазуы шығар  деп есептейді және қыздытауып алмаққа бел шеше бекінгенін айтады.

Крокер сүйкімді бейтаныс қызды Клэр графтығындағы Эннистимон қаласында жолықтырған екен. Бұл жәйт жергілікті дәмханалардың бірінде таңертеңгі ас ішіп отырған сәтте болған. Дәрігер өзіне ұнаған қызды ол тамағын ішіп болғанша күте тұрып, әңгімеге тартқан. Бірақ көп сөйлесудің реті келмеген. Енді ол ирландиялық бойжеткенді бір сәт те ойламай тұра алмайтынын көлденең тартады. Өкінішке қарай, қыздың табыла қоюы екіталай.

Беларусь ішкіші кітабының тұсаукесері

Жақында Минскіде «Беларусь алкоголигінің көк кітабы» деп аталатынкітаптың тұсаукесері болып өтті. Автор ретінде Антон Кулонкөрсетілген. Бұл белгілі беларусь әдебиетшісі АнатолийАстапенконың бүркеншік аты болып табылады.

Кітаптың негізіне автор өмірінің оқиғалары алынған. Ал Астапенконың өзі сегізінші жыл ішімдіктен татып алмайды екен. Туынды шартты түрде екі бөліктен тұрады: біріншісі «мастықпен өткен күндер», екіншісі «тәуелділіктен арылу» деп аталады. Өзінің аты айтып тұрғандай, бірінші бөлікте автордың «көңілді жүрістері» суреттелсе, екіншісінде ішімдіктен құтылу үшін бас кейіпкердің неше түрлі әрекеттерге барғаны жазылады.

«Тырық» мысықтың салмағы – 19 кило

АҚШ-тың Техас штатындағы Ричардсон қаласының жануарларға арналған үйіне салмағы шамамен 19 кило тартатын сары мысық түскен. Жақында ол диеталық тамақтануға көшіретін екінші бір жануарлар үйіне ауыстырылатын көрінеді.

Көшеден табылған мысыққа бірден Тырық деген ат берілген. Оның қайдан келгені, қай жерде жүріп семіргені белгісіз. Жақын күндері иелері іздеп келмесе, жоғарыда айтылғанындай, мысықты диетаға отырғызатын жаңа үй іздестірілмек. Бүгінде мысықты алып кеткісі келетіндер көптеп саналады екен. Бірақ олардың оған сүйіс­пеншіліктен емес, салмағына байланысты қызығушылық танытып отырғаны және арықтамай тұрып ешкімге берілмейтіні  айтылады.

Үрлемелі әйел үрейлерін алды

Қара теңіздің түркиялық бөлігіндегі солтүстік жағалауынан сүңгуірлер үрлемелі әйел алып шыққаны көлденең тартылып отыр. Оқиға Самсун тұнбасында орын алған. Жергілікті тұрғындар полицияға жағалауға жақын жерде суға батып бара жатқан адам көргендері туралы хабарласа керек.

Тәртіп сақшылары жағажайдың айтарлықтай бөлігін қоршауға алып, бір топ құтқарушыны суға батып бара жатқан әйелді құтқаруға аттандырады. Жағалауға алып келгенде, көпшілік оның  резеңке секс-ойыншығы екеніне көз жеткізеді. Теңізге резеңке әйелдің қайдан келгені әзірше түсініксіз. Жалпы, Қара теңіздің түркиялық бөлігі жергілікті тұрғындардың негізгі демалыс орны болып табылады, сондай-ақ кемелер көп жүретін жол ретінде белгілі.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.