• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Наурыз, 2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

933 рет
көрсетілді

Астана-Арена стадионында өткен кездесу 0-4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 

Қазақстан құрамасы ойынды ширақ бастаған болатын. Алайда бірінші таймның соңында Денис Черышев қақпаны дәл көздеп, Ресейді алға шығарды. Осы Денис үзіліске кетер тұста тағы да мергендігімен танылды. 

Екінші таймда да ұлттық құраманың ойыны жүрген жоқ. Керісінше ресейліктердің асығы алшысынан түсті. 52-минутта Артем Дзюба есепті 0-3-ке жеткізсе, он минуттан кейін Абзал Бейсебеков өз қақпасына гол соғып алды. 

Осылайша, екі ойыннан кейін Қазақстан құрамасы бір жеңіс, бір жеңіліспен 3 ұпайды қоржынға салды.