• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2019

Елордада күн райы +7°С дейін жылынады

640 рет
көрсетілді

Жақын күндері жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін елордада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

«Ертең, 27 наурызда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +4...+6°С құрайды», – делінген Қазгидромет хабарламасында.