Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:20
Кеше АҚШ-та өткен президент сайлауының алғашқы қорытындыларыбойынша қазіргі президент Барак Обама жеңіске жетті.
Республикашылдар партиясынан түскен кандидат Митт Ромни өзінің жеңілгенін мойындап, жеңімпазды телефон арқылы құттықтады. Ал Чикагода өз жақтастары алдында сөз сөйлеген Обама Америкаға жаңа серпін беру үшін Ромнимен кез келген мәселені бірлесіп талқылауға дайын екенін жеткізді. Обама дәстүрлі түрде демократтар үшін дауыс беретін штаттарда көп дауыс жинауы, сонымен бірге «екіойлы» күйде болған Колорадо, Айова, Пенсильвания, Мичиган, Миннесоте және Висконсин штаттарын өзіне қарата білуі арқасында жеңіске жетті. Ал Огайо штатындағы оның жеңісі шешуші рөл атқарды.
Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:20
Кеше АҚШ-та өткен президент сайлауының алғашқы қорытындыларыбойынша қазіргі президент Барак Обама жеңіске жетті.
Республикашылдар партиясынан түскен кандидат Митт Ромни өзінің жеңілгенін мойындап, жеңімпазды телефон арқылы құттықтады. Ал Чикагода өз жақтастары алдында сөз сөйлеген Обама Америкаға жаңа серпін беру үшін Ромнимен кез келген мәселені бірлесіп талқылауға дайын екенін жеткізді. Обама дәстүрлі түрде демократтар үшін дауыс беретін штаттарда көп дауыс жинауы, сонымен бірге «екіойлы» күйде болған Колорадо, Айова, Пенсильвания, Мичиган, Миннесоте және Висконсин штаттарын өзіне қарата білуі арқасында жеңіске жетті. Ал Огайо штатындағы оның жеңісі шешуші рөл атқарды.
Штаб бастығы тұтқындалды
Грузия астанасында елдің қарулы күштерінің бірлескен штабының бастығы Георгий Каландадзе мен қорғаныс министрлігінің 4-ші бригада командирі Зураб Шаматава тұтқындалды.
Грузин БАҚ-тарының мәліметінше, оларға қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылуда. Каландадзе түнде шұғыл түрде қорғаныс министрлігіне шақырылған жерінде қамауға алынған көрінеді. Тұтқындау жаңа әділет министрі Теи Цулукианидің өкімі бойынша және Грузияның жаңа бас прокуроры Арчил Кбилашвилидің араласуымен жүзеге асырылған.
Сирия астанасындағы жарылыстар
Сирия астанасы Дамаскінің президент сарайы орналасқан жерге жақын ауданында бірнеше жарылыс болды.
Жергілікті телеарна таратқан мәлімет бойынша, аудан ауыр артиллериядан атқыланған көрінеді. Соның салдарынан бірнеше адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр. Оқиға болған жерге жедел жәрдем мәшинелері жіберілген. Жағдайдың одан әрі қалай өрбігені туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Сөз орайында аталған ауданда алавиттер діни сектасының өкілдері тұратынын айта кету қажет.
Парсы шығанағымен байланысты нығайтпақ
Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Парсы шығанағы елдерімен әскери және сауда байланыстарын нығайту мақсатында Дубайға келді.
Оның қасында қорғаныс министрі Филип Хаммонд та бар. Дубайдан соң олар Сауд Арабиясына бармақ. Ұлыбритания Typhoon жойғыш ұшақтарын сату бойынша келісім-шарттар бекітпек ниетте. Премьер-министрдің өкілдерінің айтуынша, Лондон БАӘ-ге және Сауд Арабиясына 100 шақты жойғыш ұшақ сатпақшы. БАӘ-ге сапар барысында Кэмерон Иранмен қарулы қақтығыс бола қалған жағдайда пайдалану үшін осы елде британдық әскери ұшақтарды орналастыру мүмкіндігін де талқылайтын болады.
Судан президентіне ота жасалды
Судан президенті Омар әл-Баширге Сауд Арабиясының ауруханасында ота жасалған.
Президент баспасөз хатшысының айтуынша, ота табысты өткен көрінеді. Омар әл-Башар бірнеше сағаттың ішінде ауруханадан шығуы тиіс. Отаның не үшін жасалғаны белгісіз. Осы жылдың тамызында президент тамағына ота жасатты деп хабарланған болатын. Соған байланысты бірқатар БАҚ-тарда әл-Баширдің денсаулығы өте нашарлап кетті деген сыбыс та тараған еді. Ол басқарған кезде Суданда бірнеше азамат соғысы болғанына және елдің Оңтүстік Судан аумағынан айырылғанына қарамастан 2010 жылы ол қайтадан президент болып сайланды.
Пластик купюралар айналымға шығарылды
Канада полимерден жасалған 20 долларлық купюраларды айналымға шығарды, деп хабарлады Toronro Sun.
20 долларлық купюра елде ең көп тарағандықтан – айналымда 800 миллионға жуық данасы бар – дәстүрлі қағаз банкноттар біртіндеп ауыстырылатын болады. Пластик купюралар ұзақ уақыт қызмет етеді деп күтілуде. Қаржы ұйымдарының бәрі бірдей жаңа купюраны ала бермейді, банкоматтарды жаңа купюраларды беруге дайындау үшін банктерге 2 жыл мерзім беріліп отыр. Таяу уақыттарда Канада банкі 5 және 10 долларлық купюраларды айналымға шығармақшы.
Поляктар Ресейден мұнай алмақ
Польшаның PKN Orlen компаниясы Ресейден жыл сайын 10 миллион тонна мұнай сатып алу жөнінде келісім-шарт әзірлеуде.
Бұл туралы компания басқармасының төрағасы Яцек Кравецке сілтеме жасай отырып, жергілікті басылымдардың бірі хабарлаған. Оның айтуынша, Urals маркалы мұнайдың қазіргі бағасын басшылыққа алғанда жыл сайын жеткізілетін мұнай құны 7 миллиард долларды құрамақ. Егер келісім-шартқа қол қойылатын болса, польшалық компания Ресейден мұнай сатып алатын компаниялардың ішінде екінші орынға шығатын болады.
Нью-Йоркке дауыл қатері төнуде
АҚШ-тың шығыс жағалауына төніп келе жатқан “Нористэрн” дауылына байланысты америкалық әуе компаниялары Нью-Йоркке баратын көптеген рейстерді кейінге қалдырып отыр.
Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг дауыл қатеріне байланысты қаладағы барлық саябақтар мен жағажайларды жабу жөнінде өкім шығарды. Қала өткен аптада онсыз да “Сэнди” дауылы салдарынан елеулі зардап шеккен болатын. Қала билігі қауіп төнетін бірқатар аудандар тұрғындарын басқа жақтарға көшірмек.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.