Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Елбасының Шешіміне сәйкес, Ә.Қ. Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.