• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Наурыз, 2019

«Буревестниктің» жас өрендері жеңімпаз атанды

1144 рет
көрсетілді

Оралда волейболдан 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстанның көктемгі біріншілігі өтті.

Бұл жарыс Алматының «Буревестник» клубының жеңісімен аяқталды. Барлық қарсыласын қапы қалдырған олар бас жүлдені олжалады. Жалпы айтулы командада ізбассарлар тәрбиелеу жүйесі жақсы жолға қойылған. Мәселен, жасөспірімдер жарысында өздерін жақсы қырынан көрсеткен ойыншылар уақыт оза «Буревестник-2» клубының қатарына қосылады. Олар қазіргі кезде дублерлар арасындағы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуде. Ал алматылық клубтың тағы бірқатар волейболшылары өз жас ерекшеліктері бойынша республикамыздың бас командасының намысын қорғауда.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»