• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2019

Елдік бастамаға ерен қолдау

448 рет
көрсетілді

Әлем таныған Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдау және «Жастар жылының» салтанатты ашылуына орай, Тараз қаласында Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Жастар марафоны» өтті. Аталған шараға университеттің профессор, оқытушылар құрамымен қатар, өңірдің белсенді жастары да қатысты. Марафон көне шаһардағы Төле би даңғылы бойымен, яғни Тараз Мемлекеттік университетінен бастау алып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін жалғасты.

«Жастар жылының салтанатты ашылуын, еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан болып өзгеруін, елдегі болып жатқан барлық өзгерістер мен жобаларды қолдау мақсатында марафон ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі марафонға 800 білімгер және 200 тәлімгер қатысуда, – деді университет ректоры Ержан Әмірбекұлы.   

  Марафон соңында ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Жастар жылына» арналған «Бастау» жинағының тұсаукесері өтті. Аталған жинаққа Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінің белсенді жастары туралы мәлімет енгізілген.  Сонымен қатар, жастардың Жамбыл өңіріндегі тарихи орындарға танымдық, студенттік туризм жобасының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар бұл жобаны жасай отырып, Әулиеата өңірінің киелі, қасиетті жерлерін жастарға аралату арқылы жастардың бойына патриоттық сезімді оятуды мақсат етіп отырғанын айтты. Марафоннан соң университеттің белсенді жастары Тараз қаласындағы тарихи орындарға саяхат жасап, ары қарай ортағасырлық Ақыртас кешеніне жол тартты.

 Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар