• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Парламент 30 Наурыз, 2019

Сенат басшысы: Балаларға қатыгездік көрсеткен кінәлі адамдар заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс

779 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Атырау қаласындағы сөйлеу қабілетінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттағы тәртіпсіздік деректеріне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі

Сенат басшысы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге қатыгездік көрсеткен кінәлі адамдар заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс, деп есептейді. «Біз қорғанышы жоқ мүгедек балаларға қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге ашу-ыза білдіреміз. Бұл интернаттағы балалардың өмірі түбегейлі өзгеруі керек деп санаймын. Ол біздің назарымызда болады. Мұндай жағдайлар әлеуметтік қызметтердің олқылықтары деп білемін», - деді Д.Назарбаева.