• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Наурыз, 2019

Екібастұздықтар кремний зауытының салынуына қарсы

603 рет
көрсетілді

Бұл жоба еліміздегі 51 қазақстандық-қытайлық жобалардың қатарында болуы да мүмкін.

Өңірде технологиялық кремнийді өндіру жобасы 2016 жылы «Кәсіпкерлікті қолдау картасына» енген.

 Келісім бойынша компанияға 124 гектар жер учаскесі берілген.

Қосымша  40 гектар жер тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жасау үшін бөлініпті.

 Сондай-ақ, кварцит-Қарағандыдан, мұнай коксы-Павлодардан, ал ағаш кесінділері Ресейден тасымалданады.

Екібастұзда техникалық кремний өндіріледі, қалдықсыз шығарылады және қоршаған ортаға зияны жоқ. Белгіленген нормадан аспайды

 Зауыт іске қосылғанда 800 адам жұмыспен қамтылады. Жоба үш кезеңде жүзеге асырылмақ делінді.

Бізде қандай  жобалар болмасын жүзеге асырылмай жатып, дақпырты жер жарады. Жол ортада қала берді.

Жалпы, 2016 жылдан кремний зауытының құрылысы басталмай жатып екібастұздықтар, қоғам белсендері  жобаға қарсылық білдірді.

Қалада, қала аумағында  онсыз да өнеркәсіптік өндірістік кәсіпорында жетеді.  Халық денсаулығы  әбден түтінге тұншыққан.

Тіпті, сол кезде компания өкілдері  тұрғындардың келісімінсіз зауыт құрылысын  бастай алмайтындарын айтқан-ды.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, жуырда зауыт құрылысының жобасы мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Құрылыс жұмыстарын жүргізбек болған қытайлық «ANSA Silicon» компаниясы қалалық әкімдікпен байланысын үзіпті.

Қазір қалалық әкімдік жерді қайтару жұмыстарын бастап кетіпті.

Павлодар облысы