• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2019

ШҚО Алтай ауданында 500 орындық спорт кешені бой көтереді

872 рет
көрсетілді

Былтыр жыл соңында жаңа атауға ие болған Алтай ауданының орталығы – Алтай қаласында бассейні бар 500 орындық спорт кешені салынбақ. Қаланың бас жоспарына енген дене шынықтыру және сауықтыру кешені 2 қабаттан тұрады деп жоспарланған.

«500 орындық нысанда баскетбол, волейбол, шағын футбол ойнауға болады. Жеңіл атлетикамен айналысуға қолайлы жүгіру жолақтары да қарастырылған. Жауынгерлік спорт түрлеріне арналған жаттығу залы, жүзу залы да ойластырылған», - дейді Алтай аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Маматаев.

Қазіргі уақытта нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберіліпті.

Шығыс Қазақстан облысы