• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2019

Павлодарда тікұшақ апатынан қаза тапқан экипаж командирін туған ауылына жерледі

553 рет
көрсетілді

Роман Костыговты жерлеу рәсіміне еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Карбенов, облыс әкімі Болат Бақауов қатысып, ұшқыштың жақындары мен туысқандарына көңіл айтты.

 Роман Костыгов 1985 жылы 26 сәуірде өңіріміздегі Ертіс ауылында туып-өскен. Осы жерде мектепте оқыды. Мектептен соң, Ақтөбедегі жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген.

 Әскери әуе күштері бөлімшесі командирінің орынбасары болып қызмет еткен.

27 наурызда Ми-8 тікұшағы Ақтаудан Шымкентке ұшып, Жалағаш ауданында апатқа ұшырады. 13 әскери  адам қаза болды.