Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды. Аталған сынға Қазақстан атынан Адиля Тілекенова қатысқан болатын деп жазады Olympic.kz.
Өкінішке қарай, қазақстандық гимнаст финалда қарсыластарынан оза алған жоқ. Төрешілер Тілекенованың өнерін 15.55 ұпайға бағалап, Адиля тоғызыншы орынға табан тіреді.