• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Сәуір, 2019

Алты қазақстандық боксшы Бакудегі турнирдің финалында жұдырықтасады

522 рет
көрсетілді

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде алты қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

52 келідегі Олжас Байниязов пен 56 келідегі Оразбек Асылқұлов шаршы алаң иелерімен жұдырықтасады. 

Ал 69 келідегі Мәулен Өскенбек пен аса ауыр салмақтағы Данила Семеновты финалда өзбекстандық боксшылар күтуде. 

Финалдық бәсекелер 1 сәуір күні өтеді.