• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2012

Сегіз айға созылған сергелдең

436 рет
көрсетілді

Сегіз айға созылған сергелдең

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:40

Бұл даудың басталғанына бір жылға жуық уақыт болып қалыпты. Бірақ нүк­тесі әлі қойылмаған. Әл-әзір сол нүкте қойылмайтын да сияқты. Өйткені арыз иесі «не бел кетеді, не белбеу үзіледі» деген қағидадан айнымақ емес. М.Жа­ңабаев өзін жаланың құрбаны сезінеді. Оның айтуынша, құқық қорғау саласында 10 жыл мінсіз қызмет атқарған аға лейтенант бір күнде жұмыссыз қалған. Содан бері арыз айтып, шағым жазбаған жері жоқ. Бірақ оның жанайқайын тыңдап жатқан жан адам табылмапты. Ең соңғы үміті ретінде «Егеменге» жазған арызы төмендегідей.

 

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:40

Бұл даудың басталғанына бір жылға жуық уақыт болып қалыпты. Бірақ нүк­тесі әлі қойылмаған. Әл-әзір сол нүкте қойылмайтын да сияқты. Өйткені арыз иесі «не бел кетеді, не белбеу үзіледі» деген қағидадан айнымақ емес. М.Жа­ңабаев өзін жаланың құрбаны сезінеді. Оның айтуынша, құқық қорғау саласында 10 жыл мінсіз қызмет атқарған аға лейтенант бір күнде жұмыссыз қалған. Содан бері арыз айтып, шағым жазбаған жері жоқ. Бірақ оның жанайқайын тыңдап жатқан жан адам табылмапты. Ең соңғы үміті ретінде «Егеменге» жазған арызы төмендегідей.

 

«Қымыз ішіп, қызметтен қуылдым»

«Мен Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған күзет басқармасы мемлекеттік мекемесінде 2001 жылдан 2010 жылдың наурызына дейін мінсіз қызмет атқардым. Сол 2010 жылғы нау­рыздың 8-нен 9-ына қараған түні жазық­сыз жалаға ұшырадым. Сол түні мен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі­нің ғимаратындағы бекетте кезекшілікте тұрған едім. Таң алдында тексеруді сылтау етіп, мамандандырылған күзет бас­қар­масы кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы Ж.Піртаев келді. Ол жай келген жоқ, қызмет бабында тұрған бізге тиісіп, қоқан-лоқы жасай келді. Оның айтқаны «арақ ішіп алыпсыңдар» деген жала сөз болды. Нәтижесінде мені наркология­лық диспансерге күштеп алып барып, сараптамадан өткізді. Бұл сараптама бойынша «жеңіл дәрежедегі масаңды­ғы» анық­тал­ған деген қорытынды шы­ғарыпты. Нәтижесінде осы қорытын­ды­ға сүйеніп, басшылық мені қызметтен босатты.

«Жеңіл дәрежедегі масаңдықтың» анықталуы менің сол кезде қымыз іш­кендігімнің себебінен деп ойлаймын. Сондықтан наркологиялық сарап­та­ма­ның қорытындысына наразылық келті­ріп, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотына шағым түсірдім. 2010 жылғы шешімімен Еңбекші аудандық соты наркологиялық сараптама қорытынды­сын жарамсыз деп тапты. Осы соттың шешімі негізінде мені жұмысқа қайта орналастыру туралы Әл-Фараби аудан­дық сотына шағымдандым. Менің талап-арызым қаралып жатқан кезде, кү­зет басқармасы кадрлармен жұмыс бөлі­мі­нің бастығы Ж.Піртаевтың атынан жеке айыптау шағымы түскеніне байланыс­ты судья О.Қадірсізовтің хатшысынан сотқа шақыру қағазын алдым. Алайда, сот тергеу барысында Ж.Піртаевтың ма­ған қойған талабы қанағаттандырылған жоқ. Мен керісінше жала жапқаны үшін Ж.Піртаевты қылмыстық жауапкерші­лік­ке тарту туралы Ішкі істер депар­та­ментіне арыз бердім. Бірақ аталған құ­зырлы орган оның үстінен қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Міне, күні бү­гінге дейін арыз жазбаған жерім, шағым айтып бармаған есігім қалмады. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Ендігі үмітім «Еге­мен Қазақстанда» ғана. М.Жаңабаев».

Он жылға жақын Ішкі істер қыз­метінде еңбек еткен, бүгінгі күні үш баласын асырау үшін кез келген жұмысты істеп жүрген М.Жаңабаев өзінің қыз­мет­тен қуылуына мамандандырылған кү­зет басқармасы мемлекеттік мекемесінің кадрмен жұмыс бөлімінің бастығы Ж.Піртаевты кінәлайды.

«Жаңабаевтікі жала»

«Жаңабаев Мақсат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 жел­тоқсандағы №1644 қаулысымен бекітіл­ген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеге сәйкес 91-бап «к» тар­мақшасымен (әскери қызметтік тәртібін өрескел бұзғаны үшін) Оңтүстік Қазақ­стан облысы мамандандырылған күзет басқармасы мемлекеттік мекемесі бас­ты­ғының 2010 жылғы 15 наурыздағы №34 бұйрығымен қызметтен босатылды. Себебі, полиция аға лейтенанты Жа­ңа­баев өзінің қызметтік міндеттеріне са­лақ қарап, өзі тәртіп сақшысы бола тұра күшейтілген қызмет уақытында қызмет атқару кезінде спиртті ішімдік ішкен.

2010 жылдың 8 наурызында мен бас­қарма бойынша тексеруші болып кезек­ш­ілікке түстім. Кезекшілік барысында кезекші бөлімінің кезекшісі полиция аға лейтенанты Б.Көлбаев рация арқылы облыстық әкімдік бекетін мұқият тек­се­руді сұрады. Өйткені, кезекшілікке түс­кен қызметкерлер екі сағат көлемінде байланысқа шықпаған. Сондықтан мен бекетті таңғы сағат алтылардың кезінде тексеріп барғанымда кезекшілікте тұ­р­ған полиция аға лейтенанты М.Жаңа­баев­тың, аймақтық мұрағат бекетінде тұр­ған полиция аға сержанты Ш.Ше­кер­бековтің спиртті ішімдік ішкендерін байқадым. Сол жерден полиция аға лейтенанты Т.Оспанқұловты да іздеп тауып алдық. Оның да аузынан арақ иісі шы­ғып тұрды. Мен тез арада дабыл бел­гі­сін беріп, сол күнгі полиция батальо­нының тексерушісі полиция лейтенанты Х.Нұра­лиевті, взвод командирі полиция майоры О.Сырайловты, батальон коман­дирінің міндетін атқарушы полиция майоры Б.Мақұлбековті және жедел ден қою тобын шақырттым. Солардың көме­гімен үш кезекші полиция қызметкерін нарколо­гия­лық диспансерге жібердік. Сол жыл­дың 9 наурызы күні облыстық нарколо­гия­лық диспансердің берген медицина­лық куәландыруында М.Жа­ңабаевқа «же­ңіл» дәрежелі, Ш.Шекербековке «орта» дәрежелі, Т.Оспанқұловқа «орта» дәре­желі алькоголдік масаңдық көрсетілген. Болған жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, полиция батальонының же­ке құрамының шұғыл жиналысында қаралып, М.Жаңабаев, Т.Оспанқұлов, Ш.Ше­кербеков қызмет­тен босатылды.

М.Жаңабаев қызметке қайта орналасу мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотына арызданды. 2010 жылдың 15 қазанында шығарылған сот шешімі оның арызын қанағаттан­ды­русыз қалдырды. Одан әрі М.Жаңабаев Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот ал­қаларына шағымданды. Оның бұл ша­ғымдары да қанағаттандырусыз қалды­рыл­ды. Дегенмен, арыз иесі күні бүгінге дейін әртүрлі орындарға шағымдануын тоқтатпай келеді. Мәселені сот шешеді дейтін болсақ, бұл органдар әділетті шешімдерін әлдеқашан шығарып қой­ған. Сонда арыз иесі енді қандай әділдік іздеп жүргенін өз басым түсіне алмадым. Жамалбек Піртаев».

Нүктесі қойылмаған дау

«Біріктіріп айтса, бидікі жөн, құрас­тырып айтса, құлдікі жөн» дейді халық мәтелі. Жаңабаевты тыңдасаң, «жала­ның құрбанымын» десе, Піртаевты тың­дасаң, «Жаңабаевтікі жала» дейді. Өткен жыл­дың наурыз айында басталған дау­дың аяғы көрінер емес. Дәл осы мәсе­ле­ге байланысты талай рет жиналыс өт­кен, бірне­ше мәрте сот болған. Бірақ бұл шаралар­дың қай-қайсысы да дауды одан әрі өр­шітпесе, тоқтатуға шамасы кел­меп­ті. Сон­да бұл дау қашанға дейін со­зыл­мақ, бұл дауға қашан нүкте қойы­ла­ды. Бәлкім бұл сұрақтарға облыстық Ішкі істер де­пар­таментінің басшылығы жауап берер…

Шарафаддин ӘМІРОВ.