• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Сәуір, 2019

Экологиялық екі айлықтың алғашқы сенбісінде 900 аула ретке келтірілді

623 рет
көрсетілді

Елордада «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында экологиялық екі айлық басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бірінші коммуналдық сенбілікке тұрғын үй қорының 257 қызмет көрсету ұйымы мен бірқатар шағын және орта бизнес кәсіпорны қатысты, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек фейсбуктегі парақшасында.

«Барлық тұрғындарды 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында өтетін жалпы қалалық сенбіліктерге қатысуға шақырамыз. Біздің қоғамды қала көшелерінде тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үйретейік. Сенбіліктен #trashtag хэштегі астында вирусты фото мен қаланың жаңа трендін жасаңыз», – деп ол қала тұрғындарын сенбілікке атсалысуға шақырды.

26 наурыздан 26 мамырға дейін өтетін көктемгі жалпықалалық акция барысында қаланы санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды және орамішілік аумақтарды тазалау, ағаштар отырғызу, нөсерлік және арық-науалық кәріз желілерін тазалау, саябақтар, гүлзарлар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жоспарланған.