• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2012

Ел есіндегі ерліктер

375 рет
көрсетілді

Ел есіндегі ерліктер

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:45

Аға лейтенант Медет Досымханов Қамысты ауданының Адаевка кентіне ба­ғыт алғанда қылмыскерді тауып, ж­ә­бір­ленгендердің құқықтық талабын қам­та­масыз етуді ойлады. Бірақ өзін алда не күтіп тұрғанын білген жоқ.Әрине, кез-келген полиция қызметкері үшін қылмыс болып жатқан оқиға орнына аттанарда өзін алда не күтіп тұратыны бесенеден белгілі секілді. Өйткені, біреу­ге қарақшылық жасаған, яки біреуді то­наған, зорлаған немесе өлтірген қанды қолдар өзінің құтылып кетуі үшін неге болса да бас тігеді. Ал мұндайда жолына тұрған полиция қызметкерін қарақшылар мүлде аямайтыны анық.

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:45

Аға лейтенант Медет Досымханов Қамысты ауданының Адаевка кентіне ба­ғыт алғанда қылмыскерді тауып, ж­ә­бір­ленгендердің құқықтық талабын қам­та­масыз етуді ойлады. Бірақ өзін алда не күтіп тұрғанын білген жоқ.Әрине, кез-келген полиция қызметкері үшін қылмыс болып жатқан оқиға орнына аттанарда өзін алда не күтіп тұратыны бесенеден белгілі секілді. Өйткені, біреу­ге қарақшылық жасаған, яки біреуді то­наған, зорлаған немесе өлтірген қанды қолдар өзінің құтылып кетуі үшін неге болса да бас тігеді. Ал мұндайда жолына тұрған полиция қызметкерін қарақшылар мүлде аямайтыны анық. Алайда, осы сақшылар болмаса біреуді жәбірлеген­дер­дің жолын кесуге кім шықпақ? Демек олардың бейбіт уақыттағы қызметінің өзі әділдік үшін арпалысқа толы күндер мен түндер десек, Қостанай облысына қа­расты Таран аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Медет Бауыржанұлы да кезекті мына тексерістің тосын жағдайына дайын күйде аттанған еді.

Тергеу тобына жеткен ақпарат бойынша Приозерск кентіндегі мал шаруашы­лы­ғынан азамат Б.Нұрмұханбетовке тие­сі­лі екі жылқы ұрланған екен. Кім ұрла­ға­ны, әрине, белгісіз. Бірақ алдын ала мәлі­меттер бойынша, яғни Таран аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерінің зерделеуіне қара­ғанда үш күдікті назарға іліккен секілді. Олар­дың кім екендіктері де тез арада белгілі болды. Сосын аталған қылмысты жа­сауы мүмкін деп табылған үш күдік­тінің бірі Ш.Досановтың оған қатысы бар-жоқтығын анықтау үшін М.Досымханов бастаған топ оның үйіне бет алды. Полиция қызмет­кер­лері Ш.Досановты үйінен тапқанымен, ол бірден қарсылық көрсетеді. Тіпті оған көмекке жеткен ағасы үйден мылтық алып шығып кезенеді. Осы кезде өзгелерге қауіп төнгенін түсінген аға лейтенант М.Досымханов қылмыскердің жолын бөгемекші болады. Алайда, мән-жай­ды сабырлылықпен анықтауға жеткізбе­ген Ж.Досанов аңшы мылтығын аға лей­те­нантқа кезеніп, шүріп­пені басып қалады.Ж.Досанов бұрын сотталған екен. Сон­дықтан ол еш шімірікпестен адамға оқ атады. Сол мезетте аға лейтенант сол жақ иығынан қатты жарақат алады. Шашырай тиген бытырадан қан судай ағады. М.Досымханов тез арада Қамысты орталық ауруханасына жеткізіледі. Бірақ қанның тоқтаусыз көп ағып кетуінен қансыраған аға лейтенант көз жұмды. Бытыра күре тамырды қиып жіберген екен.Медет Бауыржанұлы 1980 жылы Қос­танай облысының Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылында туған. Сонда мектепті бітірген соң Қостанай әлеуметтік акаде­мия­сын кеден ісі бойынша 2003 жылы оқып тауысады. Сосын бірден Рудный қаласы­ның ішкі істер бөліміне қызметке орналасады. Жас келсе іске дегендей, көп ұзамай ол өзінің алғырлығымен көзге түсіп, криминалдық полиция бөлімшесі аймақтық тобының аға жедел өкілі – аға маман лауазымына көтеріледі. Ал 2007 жылы Медет Таран аудандық ІІБ крими­нал­дық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары қызметіне жоғарылайды. Бұл лауазымда да өзінің біліктілігімен талай істі аша білген М.Досымханов 2009 жылы аталған криминалдық полиция бөлімше­сі­нің бастығы болып тағайындалады. Осы жылдар ішінде ол нәтижелі қызметі үшін бірнеше рет Қостанай облыстық ІІД бас­шы­лығы тарапынан бірқатар марапаттарға кенеледі. Осындай жастық шағында қа­жырлы жұмыс істеп, қанатын қатайта бастаған, бар болғаны 28 жасқа енді толған жігіт жәбірленгендердің құқын қор­ғаймын деп қандықол қарақшының қолы­нан қапы­да мерт болды.Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және құқықтық тәртіпті, заңдылықты қамта­ма­сыз ету барысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы, әскери және қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны үшін Президент Жарлығымен М.Б.Досымханов II дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болған соң) марапатталды. Оның есімі ер­лігімен ел есінде қалды. Қостанай об­лыстық ІІД жеке құрамы Әулиекөл ауылында өздерінің әріптестеріне соңғы құрмет көрсетті. Қаралы рәсім қош­тасуында сөз алғандар қайтыс болған Медет Досымханов жөнінде естелік айтып, оның ерлік әрекеті құқық қорғау органдарының келешек қызметкерлері үшін қызметтік міндетті атқарудың үл­гісі ретінде сақталатындығын мәлімдеді.Қаралы жиында сөз алған оның дос­тары, әріптестері және ішкі істер ор­ганының ардагерлері Медет Досым­хановтың ата-баба дәстүрін жалғас­ты­рушы сақшы екенін, оның әкесі Бауыржан жиырма жыл жедел қызметкер болып жұмыс істегенін, полицейлік әліп­пе­ні ұлына әкесі сіңіргенін, соның арқ­а­сында аға лейтенант Досымхановтың нәтижелі еңбек еткенін, сөйтіп бар болғаны алты жылғы қызмет кезінде қа­ра­пайым жедел қызметкерден крими­нал­дық полиция бөлімшесінің басты­ғына дейін жоғарылағанын жеткізді. Марқұм­ның артында көздері боталаған өрімдей екі кішкентай қызы, жары қал­ды. Рудный қалалық ішкі істер бас­қар­масы криминалдық полиция бөлім­шесінің бастығы капитан Ю.Полюхов Медет қолға алған ісін қашанда аяғына дейін өзі жеткізетінін айтады. Бұл жолы да солай болды, жылқының ұрлығына қатыс­ты күдіктілер жөніндегі жедел ақпаратты тексеруші топқа жеке өзі басшылық етті дейді ол. Олар отбасыларымен дос бол­ған жандар екен.Отбасы, туған-туысқандары, қызмет­тес­тері үшін де орны толмас қазаның күйінішін жеткізу мүмкін еместігін айтқан Қостанай облыстық ІІД бастығы генерал-майор Б.Байжасаров: «Полицейлер қызметіне кірісер алдында беретін антында олардың азаматтардың құқын қорғау жолында, егер қажет болса өз өмірлерін де ойланбастан қиюға бара­тын­дығы жазылған. Медет Досымханов антына адал болды, ол ұрланған мүлік қайтарылуы үшін атылған оққа арқа­сын тоспай, қарсы тұрды. Ол қайтыс болған соң мемлекеттік наградаға ұсы­нылды. Оның есімі Қостанай облыстық ішкі істер органының тарихына жазылып қалды» деді. Иә, осылайша бейбіт күнде де ерлердің ерліктері халықтың қауіп­сіз­дігі мен заңдылықтың сақ­талуы үшін жалғаса беретіндігі ақи­қат­қа айналды.Александр ТАСБОЛАТОВ.