Дәстүрлі пікір-сайыс турнирі Америка парламентті форматында жыл сайын жалғасып келеді. Биылғы турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 20 топ қатысты. Әр топта 50 қатысушыдан болды. Сөз сайысында жалпы, орыс лигасында 6 топ, қазақ лигасында 14 топ ойын көрсетті. Төрешілер құрамы университеттің пікір сайыс клубының тарапынан құралды.
Сайыс соңында үздіктер анықталды. Қазақ лигасында жүлделі бірінші орынды Шымкент қаласының құрамасы алса, орыс лигасында ақмолалық жастар жүйрік атанды. Екінші орындар қос лигада да-Алматы қаласының құрамаларының еншісіне тисе, үшінші орында екі лигада да Жамбыл облысының қатысушылары ие болды.
- Турнирдің басты мақсаты – еліміздегі шешендік өнер саласындағы жас қоғамдық саясаткерлерді, пікірталас жүргізе алатын өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өз тобының қызығушылығын сауатты аргументтермен қорғай алатын жастарды іздестіру және оларды қолдау. Қазақстандағы пікір-сайыс қозғалысы белсенділеріне ықпалдасу, жастар бойында төзімділік пен азаматтық көз қарастарды қалыптастыру. «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турниріне өңірлік іріктеу турнирінің жеңімпаздары қатысты, - дейді облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Ақболатов.