• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2012

Кәсіпкерлер құқығы – Елбасы назарында

302 рет
көрсетілді

Кәсіпкерлер құқығы – Елбасы назарында

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:39

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2011 жылы ашыл­ған «Президенттің бизнесті қорғауы» атты сайтына кәсіп­кер­лерден келіп түскен арыздар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тұрақты бақылауында болды, деп ха­бар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қыз­меті.Бизнес қоғамдастығының заң­ды құқықтары мен мүдделеріне қадағалау-бақылау және құқық қорғау органдары тарапынан нұқ­сан келтірген жағдайларды бол­дыр­мас үшін «Президенттің бизнесті қорғауы» атты сайтының арнайы тарауы жұмыс істеуде.

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:39

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2011 жылы ашыл­ған «Президенттің бизнесті қорғауы» атты сайтына кәсіп­кер­лерден келіп түскен арыздар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тұрақты бақылауында болды, деп ха­бар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қыз­меті.Бизнес қоғамдастығының заң­ды құқықтары мен мүдделеріне қадағалау-бақылау және құқық қорғау органдары тарапынан нұқ­сан келтірген жағдайларды бол­дыр­мас үшін «Президенттің бизнесті қорғауы» атты сайтының арнайы тарауы жұмыс істеуде.

Өткен жылы сайтқа 2123 арыз келіп түсті. Оның ішінде кәсіп­кер­лердің құқықтары бұзылғаны тура­лы 347 шағым тіркелді. Қал­ған 1776 шағым сайттың тақы­ры­бына сай емес болғандықтан, өті­ніш иелеріне қолданыстағы заң­дар­ға сәй­кес құзыретті орган­дар­ға шағым­да­ну мүмкіндіктері бар екені тү­сін­дірілді, оның ішінде 183 арыз ба­қылауға алынды. Ша­ғымдардың 78 пайызы бойынша орталық мемлекеттік органдар қыз­меткерлерінің заңсыз іс-әре­кеттеріне наразылық білдірілген болса, оның ішінде ең көбі Қар­жы полициясы агенттігі мен Бас прокуратура – 60-тан (22%-дан), Қаржы министрлігі 55 (20%) қызметкерінің заңсыз әре­кеттері туралы жазылған.Жергілікті билік органдары қызметкерлері тарапынан кәсіп­кер­лердің құқықтары шектелуіне на­ра­зылық білдірген шағымдар сайт­қа келіп түскен барлық ша­ғым­дардың 22 пайызын құрайды. Оның ішінде басым бөлігі Алма­ты мен Оңтүстік Қазақстан об­лыс­та­ры­ның – 8 (11%), Алматы – 8 (11%) және Астана (9) (12%) қа­ла­ла­ры­ның әкімдіктері қызмет­керлерінің іс-әрекеттеріне арыз­дан­ғандар.Өтініштерді талдау нәтиже­сін­де кәсіпкерлердің Елбасының атына шағымдануының басты себептері салық заңнамасының бұр­малануы, мемлекеттік сатып алу тендерлерін өткізу барысында орын алған заң бұзушылықтар, мем­­лекеттік меншікті жекешелендіру кезіндегі теріс іс-әре­кет­тер екендігі анықталды. Сонымен қатар, тергеуалды тексерістер жүр­гізу кезінде кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салу, қылмыстық істерді тергеу барысында процессуалдық заңна­маның сақталмау фактілері бой­ынша да шағымдар көп.Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер Президент Әкімшілі­гі­нің бөлімдерінде алдын ала мұ­қият қаралып, Президент Әкім­ші­лігінің Басшысы берген тап­сырмалар бой­ынша жаппай ба­қылауға алынды.Жан-жақты тексеру жүргізіп, нақты шешім қабылдап, Президент Әкімшілігіне жауап беру үшін ша­ғым­дардың 195-і Бас прокура­тураға, 47-сі Қаржы министрлігіне, 15-і Қаржы поли­ция­сына, 9-ы Алма­ты қаласы мен 8-ден Астана қаласы, Шығыс Қа­зақ­стан, Оң­түстік Қазақстан об­лыс­тарының әкімдеріне жіберілді.Есептік мерзімде мемлекеттік органдар 385 шағымды қарап, сайт арқылы олардың авторла­ры­на жауап берілді. Оның ішінде 93 шағым қанағаттандырылды, 13 шағым негізсіз деп табылды, қал­ғандарына түсініктеме беріліп, олардың мәсе­лелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша шешілетіні хабарланды.Мысалы, Елбасының атына арызданғаннан кейін «ОВПП Мерей» ЖШС-нің директоры Г.Хамзинге құрылыс-монтаж жұмыс­та­ры­на рұқсат беру мәселесі шешілді, Ақтөбе облысының кәсіп­ке­рі А.Баешовтің өтініші бойын­ша облыс орталығындағы «Шы­ғыс», «Мега Шығыс» базар­ла­ры­ның қызметіне салықтық тексеру жүргізіліп, бюджетке қосымша 16 234,9 мың теңге өндірілді. Шы­ғыс Қазақстан облысының Ая­гөз қаласында тұ­ратын кәсіп­кер О.Жақсыбаевадан салықты негізсіз төлеу талап етілгені рас­та­лып, аудандық салық басқар­ма­сының бас маманы атал­ған фактілерге жол бермеу жөнінде жазбаша ескертілді. «Көкшетау Хлебстрой» ЖШС-нің директоры А.Оди­ноковтың, «Универсал-сервис» ЖШС-нің директоры Т.Бе­неш­тің, «Мұқанова» ЖК-ның директоры Г.Мұқанованың және басқалардың шағымдарында келтірілген тексеру барысының соз­балаңға салынғаны, жүргізілген тергеу әрекеттерінің толық бол­ма­ғаны және қылмыстық істің қыс­қартылғаны туралы қаулы­ның уақ­тылы хабарланбағаны жөніндегі деректер расталды.Сонымен қатар, кәсіпкер­лер­дің 61 шағымы бойынша заңсыз­дық­тарға жол берген 31 құқық қорғау органдарының және 41 орталық және жергілікті билік орган­дарының қызметкерлері тәр­тіптік, ал 2 қызметкер әкім­шілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлер құқы­ғы­ның бұзылуына жол бергені үшін Көкшетау қаласы про­курорының орынбасары Қ.Омаров, Алматы облысы Қарасай ауда­ны проку­ро­рының көмекшісі М.Жартиев, Маң­ғыстау облысы бойынша Қар­жы полициясы де­партаментінің аға инспекторы Ж.Та­ғаниязов қызмет­терінен бо­са­тылды. Қарағанды об­лыстық Салық департаменті қыз­меткер­лері­нің заңсыз әрекеттері жө­нін­дегі тек қана бір өтініш бой­ынша жүргізілген тексеру нәти­жесінде көрсетілген фактілер расталып, заң бұзушылыққа жол берген 10 лауазымды адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Қыз­мет­­кер­лердің жұмысын ұйым­дас­ты­ру мен бақылауды әлсіреткені үшін құқық қорғау орган­дары­ның 26 басшысы мен қызмет­кер­лері тәртіптік жазаға тартылды.Кәсіпкерлердің өтініштерінің қаралуына жедел ықпал ету мақ­сатында барлық аймақтарда Бас прокуратураның тапсырмасы бой­ынша әкімдіктер, мемлекеттік, құ­қық қорғау органдары және Кәсіп­керлер одағы өкілдерінің ішінен жедел топтар құрылып, олар кәсіпкерлердің ісіне заңсыз араласу мәселелері бойынша 422 дабыл­ды тексерді. Соның нәтижесінде 600 заң бұзушылық анықталды. Ал жүйелік негізде қабылданған шаралар 2010 жыл­мен салыстыр­ғанда заңсыз тексерулердің санын 3 есеге төмендетуге жағдай жасады.Жедел топтардың қызметі және «Президенттің бизнесті қорғауы» сайтының жұмысы ту­ра­лы барлық облыстарда ақпа­рат­тық материалдар орналасты­рыл­ған және та­ратылуда. Кәсіп­керлерден сайтқа келіп түсетін ша­ғымдардың толық, сапалы және уақтылы қаралуы Президент Әкім­шілігінің тұрақты бақылауында.