• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2012

Мәлімдеме өз уақытында жасалды

212 рет
көрсетілді

Мәлімдеме өз уақытында жасалды

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:11

Бас  Прокурор Асхат Дау­ыл­баевтың Жаңаөзен оқиғасына байланысты қозғалған қыл­мыс­тық істердің қорытындысын жария еткенін тыңдадық. Себепсіз салдар болмайды. Мұнайшылар ереуілін жеңіл бағалаған, олармен келісөздерді ұзаққа созып жіберген азаматтарымыздың сал­ғырт­тығынан, сол кездегі  тын­ды­­рылуға тиісті шаруаны кейінге ысырғанынан, халықтың пікірімен санаспағандығынан Жаңа­өзенде өзегі алынбаған сыздауық пайда болды. Ауыр жағдайлар орын алды. Барша қазақ­стан­дық­тар алаңдады.  Сондықтан, жем­қорлыққа жол берген, осындай ауыр жағдайға ұрындырған сала басшы­ла­ры­ның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы заң­ды. Шетпедегі бұзақы топ­тың темір жол рельстерін бұ­зып алып, жо­лау­шылар және жүк поездарын тоқтатып тастап, қылмыстық әрекеттер жасауы да ақтайтын жайт емес.

Бәрін тәртіптік жолмен заң аясында реттеуге болады. Елба­сымыз осыларды атап көрсетіп, құқық қорғау органдарына қыл­мысты толық ашуды тапсырған. Мемлекет басшысының тапсыр­масы орындалды. Бас Проку­рор­дың мәлімдемесі көпшіліктің көкейінен шықты. Қылмыс­ты­лар­дың орны – абақты.Бүгінде Елбасының ара­ла­суы­мен Жаңаөзендегі жағдай тұрақ­талғандығын бар­ша­мыз көріп отырмыз. Мұ­найшылар тиісті жал­ақыларын алды. Жұмысқа тұр­ды. Бүлінген дүние, қиратыл­ған мүлік орнына келіп жатыр.“Ашу дұшпан, ақыл дос”, дейді халқымыз. “Сабыр түбі – сары алтын”, дейтін қанатты сөз және бар. Жаңаөзендегі жараның орны да жазылар. Бірақ, еліміздің тыныштығын бұзғысы келе­тін­дердің ықпалына еріп кетуге бол­майды. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлем санасатын мықты мемлекеттердің біріне айналып келеді. Сондықтан, елдің береке-бірлігін, тыныштығын ойлауы­мыз керек. Осы мақсатта бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болмақ абзал.Дархан САБЫРХАНОВ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.Шымкент.