• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2019

Түркістан облысында заңсыз тасымалдауға қарсы рейдтік шаралар жалғасуда

428 рет
көрсетілді

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар Жетісай ауданында өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жетісай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйытқы болды. Сондай-ақ, Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Жетісай ауданының полиция бөлімі атсалысты. Өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты  30 хаттама түзіліп, 1 қоғамдық көлік әкімшілік айып тұрағына қойылды. Аталған шаралар жолаушылар қауіпсіздігі мен заңсыз жолаушылар тасымалына бағытталған.