• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2019

Ірі кәсіпорындар Ақтөбедегі ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы меморандумдарға қол қойды

732 рет
көрсетілді

Ақтөбеде өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыс көшпелі болғандықтан Ақтөбе мұнай жабдығы зауытында өтті. Оның жұмысына студенттерден басқа, жоғары оқу орындарының, колледждер мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорын басшылары қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста білім имиджін көтеру, оқу орындарында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселелері қаралды. "Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Вэй Юйсян, «АРБЗ» ЖШС бас директоры Валерий Обилец студенттерге жас мамандардың жұмысқа орналасуы мен олардың қызметтік өсуі жайында айтып берді. Айта кетейік, өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылары мен жастар қос тарапты оқытуды дамыту қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

«Мұнда мәселе сапалы білім беру жайында. Біз оған баса назар аударамыз, сондықтан біз жоғары оқу орындарында оқып жатқандардың өндірісте тәжіриден өткендерін толық қолдаймыз. Мысалға, жыл сайын біздің ақтөбелік кәсіпорындарда 160-тан астам студент тәжірибеден өтеді. Тек өткен жылдың өзінде біздің өндірістерге елуден аса студент жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар, бізге 600-700 жұмысшы мамандары қажет екенін айтқым келеді»,- деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов өз кезегінде.

«Бұл өкінішке қарай, біз тұрған зауытта да байқалып тұр. Барлық пакеттер, стендтер не ресми, не шет тілінде жазылған. Осы тұрғыда зауыттармен қатар оқу орындарында да қазақ тіліндегі кәсіби терминологияны дамыту үшін бірдеңе қылу керек»,- деді облыс әкімі.

«Сіз қытай тілін жақсы меңгергенсіз. Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес деп ойлаймын. Отандастарыңыздың алдында қытай тілінен ана тіліңіз - қазақ тіліне аударма жасағаныңыз дұрыс болар еді»,- деді О.Оразалин.

Оңдасын Оразалин: «Ауыл жастарына, соның ішінде қалаға келген жастардың жұмысқа орналауы мен білім алуы үшін барынша қолдау көрсету қажет. Бүгінде бастысы ниет болу керек, сонда ғана жастар тегін білімді де ала алады, лайықты еңбекақысы бар жұмысқа да тұра алады. Бастысы, олардың алға ұмтылысы болса, ал жауапты мемлекеттік органдар, оқу орындары мен жұмыс берушілер жан жақты қолдау көрсетсе»,- деген сенімде.

«Нұрсұлтан Әбішұлы тақтан кетсе де, бізге әрқашан халықпен бірге болып, олардың мүддесін ойлайтынын ұқтырды. Мен Ақтөбе облысы жастарының атынан біз де Ұлт көшбасшысымен бірге екенімізді айтқым келеді»,- деді отырыста сөз сөйлеген Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ магистратурасының екінші курс студенті Нарқозы Қартжан.

Кездесу өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы меморандумдарға қол қоюымен жалғасты. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «ТД Фотон» ЖШС, «Қазақстан мұнай жабдықтары» ЖШС, «ПО Глобал-спецожежда» ЖШС мен «Қазхром» ТҰК» АҚ кәсіпорындары жұмыспен қамтамасыз ету міндеттерін өз мойындарына алды.

«Анам, ағам және мен 11 жыл бойы пәтер жалдап келдік және өз үйіміздің болғанын армандадық. Отбасымның ең үлкен арманы орындалғанына қуаныштымын. Біздің облыста жұмысшы жастар үшін осындай бастапқы жарнасы көп емес бағдарламаны іске қосқандары үшін қуанып тұрмын. Бізге жасаған осындай қамқорлығы үшін мемлекетке рахмет»,- деді қуанышымен бөліскен №60 мектеп қызметкері Нұрасыл Үсенов.

«Мен ата-анаммен, ағаммен және бала-шағаммен тұрамын. Енді өз үйімнің барына қуаныштымын»,- деді филормония әртісі.