• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2019

Семейде екі айға созылатын тазалық жұмыстары басталды

527 рет
көрсетілді

Сәуір айының 1-інен бастап, мамыр айының 31-іне дейін Семейде әр апта сайын сенбілік жұмыстары жүретін болды. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы жиында тапсырма берді.

Алғашқы сенбілік сәуірдің 6-сы күні  өтеді. Бұл бір күндік шара емес, алдағы уақытта да жиі жалғасатындықтан, сенбілікке қала тұрғындарының барлығы, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, дүкен иелері, мейрамхана, шағын және орта бизнес өкілдері түгелдей қосылулары керек. Қала әкімі Ермак Сәлімов, алты ай қыстан бері жиналған қоқысты көктемде шығарып, қаланы тазалауды жолға қою қажет дегенді алға тартты.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы Амантай Өтелбаевтың атйуынша, екі ай бойы әрі сенбі сайын өтетін тазалық шарасына барлық коммуналды мекемелер дайын. Әрбір тұрғын белгілі бір жерді ғана емес, ауласының маңын да тазалық қалпына келтіруі керек. Ал жиналған қоқыстарды «Биг бэги» деп аталатын арнайы үлкен қаптарға салу керек. Сенбілік барысында тек қоқыс жинап қана қоймай, әрі кеткен ғимараттарды бояп, сырлап, газондарға гүлдер орнатылуы керек. Амантай Өтелбаевтың пікірінше, қалада 30 мың ағаш орнатылатын болмақ. Көшеттер жақын арада Өскеменнен жеткізілмекші. Семейдің көшелерінде және саябағына терек, шетен, көктеректер егіледі.

Қала әкімінің тапсырмасымен қаладағы ашық жатқан жылу мен су құбырларының люктерін анықтау жұмыстары басталыпты. Бұл мәселе үшін қаржы бөлінген. Арнайы кәсіпорындар ашық жатқан құбыр құдықтарының бетін металл, пластик, бетон қақпақтармен жабатын болмақ. Сондай-ақ, алғашқы сенбілік өтісімен, тазалықтың шын мәнінде жүрген, жүрмегенін тексеру үшін учаскелік инспекторлар тексеруге шығатын болмақ. Егер кәсіпкерлер өздерінің айналаларын тазаламаса, онда заң жүзінде айыппұл салынатын болады.

      Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                  

      «Еgemen Qazaqstan»

      Семей