Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында облыстың ерлер құрамасы бірінші орынды жеңіп алды.
Жиырма жасқа дейінгі ерлер және қыздар арасында өткен чемпионатқа 16 командадан 233 атлет қатысқан.
Чемпионатта қызылордалық Бектай Асылжан, қарағандылық Артем Антропов және алматылық Сейітқазы Әлішер өз салмақтары бойынша бұрынғы рекордтарға түзету енгізді.
Ерлер арасында өткен сайыста Сыр өңірі атлеттерінен кейінгі орынды Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысының спортшылары бөліссе, қыздар арасынан Алматы қаласы атлеттері топ жарған. Екінші және үшінші орын Ақмола және Қызылорда бойжеткендерінің еншісіне жазылды.
Қызылорда облысы