• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2012

Жұмыс жеткіліксіз деп танылды

295 рет
көрсетілді

Жұмыс жеткіліксіз деп танылды

Бейсенбі, 2 ақпан 2012 7:27

Нұротандықтардың ойынша, ішкі мәселелер туралы ашық әрі әділ айту жөн. Тек мұндай пар­тияға ғана қазақстандықтар то­лық сене алады. Сол себепті Бас прокуратура өз мәлімдемесін жа­сағаннан кейін бірден Пар­тия­лық бақылау комитеті осы мә­селеге қатысты өз сауалын жолдады. Жауабын алған соң пар­тиялық бақылау комиссиясы мен «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық ке­ңес­тің бірлескен мәжілісі өткі­зілді.

Бейсенбі, 2 ақпан 2012 7:27

Нұротандықтардың ойынша, ішкі мәселелер туралы ашық әрі әділ айту жөн. Тек мұндай пар­тияға ғана қазақстандықтар то­лық сене алады. Сол себепті Бас прокуратура өз мәлімдемесін жа­сағаннан кейін бірден Пар­тия­лық бақылау комитеті осы мә­селеге қатысты өз сауалын жолдады. Жауабын алған соң пар­тиялық бақылау комиссиясы мен «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық ке­ңес­тің бірлескен мәжілісі өткі­зілді. Онда Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, Партиялық бақылау ко­митетінің төрағасы Б.Рақым­бе­ков, партия филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Ж.Қа­раев, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ө.Озғанбаев сөз сөйледі. Отырысқа Парламент Се­натының депутаты, Республи­ка­­­лық сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес жөніндегі қоғамдық ке­­ңес төрағасы О.Әбдікәрімов қатысты.

Құқықтық статистика мәлі­меттеріне сәйкес, Жаңаөзен қа­ласында соңғы екі жыл бойы сыбайлас жемқорлық деңгейі тұ­рақты түрде жоғары болып келген. 2011 жылы бұл жерде 20 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, бұл көрсеткіш жалпы өңірдегі көрсеткіштің 35,7%-ын құрайды. Олардың басым көп­шілігін әкімдік қызметкерлері жасаған, яғни олар мемлекеттік бағдарламаларды орындау ке­зін­де жемқорлық тәсілдерін қол­данған. Шенеуніктер белгілі бір тұлғалардың мүдделерін қор­ғады, ірі кәсіпорындардағы бас­ты қызметтерде олардың туыс­тары отырды.Партиялық бақылау коми­те­тінің төрағасы Б.Рақымбеков өз сөзінде: «Қалалық әкімдікте өт­кен прокурорлық тексеріс қоры­тындысы бойынша анық бол­ған­дай, қала әкімінің орынбасары Боранбаева және жұмыспен қа­м­ту бөлімінің меңгерушісі Әбубә­кірова 2010 жылы қаланы дамыту үшін мұнай компаниялары бөл­ген демеулік қаржы жи­нақ­талып жатқан «Жарылқау» қо­рын заңсыз басқарды. Аталған тұлғалар жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге жабдықтаушыларды анық­­тау жөнінде 12 шешім қабыл­да­ды», деп айтып өтті. Одан басқа, «Жанашыр» қорын да қаланың бұрынғы әкімі Жал­ғас Бабаханов пен қазіргі әкімі Орақ Сар­бөпеев талан-таражға салған.Бас прокурор А.Дауыл­баев­тың 25 қаңтарда жасаған ресми мәлімдемесінде: «…жаппай тәр­тіпсіздіктерге ұласқан мұнайшы­лардың ұзақ ереуіліне және әлеуметтік шиеленістің үдеуіне жергілікті атқарушы органдар мен мұнай кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларының заң­сыз әрекеттері ықпал еткен. Атал­ған тұлғалар, қала тұр­ғын­дарының мүдделеріне қарамас­тан, бірнеше жыл бойы жергі­лікті халық пен мұнай-газ сала­сындағы жұмысшыларды әлеу­мет­тік-экономикалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлаған», делінген.Өңірдегі сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыста партияның облыстық филиалының үйлестіруші рөлі әлсіз болғаны отырыс барысында атап өтілді. Отырыс қоры­тын­дысы бойынша партияның Жа­ңаөзен филиалының жемқор­лық­пен күрес жұмысын жеткі­ліксіз деп тану жөнінде қаулы қабылданды. Жеті нұротан­дық­тың партиялық жауапкершілігін, тіпті, оларды партия қатарынан шығаруды өздері мүшелік ететін бастауыш ұйымдарында қарау ұсынылды.«Егемен-ақпарат».