• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2019

Өзбекстанға бөтен адамның құжатымен өтпекші болған қазақстандық ұсталды

491 рет
көрсетілді

Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек» бөлімшесінде шекара наряды Өзбекстанға өту үшін тексеруге 18 жастағы Умит есімді жас жігіттің құжатын ұсынған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Бірақ тексере келе шекарашылар оның шын мәнінде 21 жастағы Дилшат екендігін анықтады. Әрі қарай тексеру жүргізілуде» делінген хабарламада.