• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

«МНСК Синопэк Қазақстан» ЖШС жұмысшыларының жалақысы 15-20% артады

438 рет
көрсетілді

Мұндай келісім компания басшылығы мен жұмысшыларымен өткен әңгімелесуде мәлім болған. Естеріңізге салайық, сәуірдің 1-күні «МНСК Синопэк Қазақстан» жұмысшылары жұмысқа шығудан бас тартып, кәсіпорын кеңсесінің алдына жиналған еді. Олар жалақының көтерілуін талап етті.

Облыс әкімі  Оңдасын Оразалиннің  тапсырмасына  сәйкес,  жағдайды  бақылау үшін  облыс әкімінің  орынбасары Қайрат Бекенов  жұмысшылармен кездесіп,  көтерілген мәселе заң талаптарына  сай, комиссия  келісімі арқылы  шешілетінін  түсіндірді. 

Комиссия  құрамына  компания  басшылығының  өкілдері, кәсіподақ ұйымы және жұмысшылар кіргізілді. «Аталған жиын қорытындысы  бойынша, бірауыздан жалақыны 15-20%-ке көтеру туралы шешім қабылданды»,  - деді  облыс  әкімінің  орынбасары  Қайрат Бекенов.

Кәсіпорын жұмыстарын қайта жалғастырды.