Алдағы үш күнде астанада күн райы жылы болады, тек өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +11...+13°С.
«4 сәуірде күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде +2...+4°С, күндіз +7...+9°С көрсетеді, – деп мәлімдеді «Қазгидрометтен».