• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Президент 03 Сәуір, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті

419 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті.
Иордания Королі ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақ­стан Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қолдау біл­діріп, бұл хабарды бүкіл әлем зор түсіністікпен қабылдағанын атап өтті. ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке достығын жоғары бағалайтынын айтып, Елбасының Қазақстан мен Иор­дания арасындағы ын­тымақ­тас­тықты қалыптастыру және да­мыту ісіндегі тарихи рөліне тоқталды. Иордания Королі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына мықты денсаулық және алдағы қыз­метіне табыс тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев пен ІІ Абдалла алдағы уақытта тұ­рақты байланыстарын жал­ғастыра беруге уағдаласты, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.