• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2012

Дамудың жаңа кезеңі

325 рет
көрсетілді

Дамудың жаңа кезеңі

Сенбі, 4 ақпан 2012 7:50

Жаһандық дағдарыс қаупінің алдын алуға мүмкіндік беретін, аса қиын сынақтың алдын алып, елімізді биік белестерге көтеру мақсатында аса маңызды жобаларды іске асыру міндетін қойып, оны шешудің жолдарын ұсынған Елбасымыздың өз халқына арнаған биылғы Жолдауы жұртшылық тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Соның ішінде сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту керектігі айтылған Президентіміздің биылғы Жолдауында судьялардың сот төрелігін атқаруда заңға сүйеніп, ар-ожданды басшылыққа алу қажеттігіне баса назар аударылған.

Сенбі, 4 ақпан 2012 7:50

Жаһандық дағдарыс қаупінің алдын алуға мүмкіндік беретін, аса қиын сынақтың алдын алып, елімізді биік белестерге көтеру мақсатында аса маңызды жобаларды іске асыру міндетін қойып, оны шешудің жолдарын ұсынған Елбасымыздың өз халқына арнаған биылғы Жолдауы жұртшылық тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Соның ішінде сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту керектігі айтылған Президентіміздің биылғы Жолдауында судьялардың сот төрелігін атқаруда заңға сүйеніп, ар-ожданды басшылыққа алу қажеттігіне баса назар аударылған. Мемлекетіміздегі құқықтық саланың серпінді дамуын қамтамасыз ететін, жалпы құқық қорғау жүйесін жақсартудың бірнеше бағыттарын көрсетіп, оның ішінде сот жүйесінің қызмет­кер­лерінің міндеттеріне ерекше тоқталды. Қазіргі таңда қоғамға халық­аралық стандарттарға сай, ел мүддесін мұрат тұтатын құқық қорғау жүйесін қалыптастырудың қажеттігіне бұл Жолдауда баса назар аударылған. Жаңа құқықтық жүйе еліміздегі барлық сот және құқық қорғау құрылымдарының жұмыстарының тиімділігін сапалық дең­гейге көтеруге, азаматтарды қылмыстық қол сұғу­шылықтан қорғауға деген  конституциялық құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тек қана тәуелсіз сот – бейтарап әрі объективті болған­дықтан судьялардың тәуелсіздігі тиімді сот жүйесін қалып­тастырудағы шешуші шарттардың бірі болып табылады.Судьялардың тәуелсіздігі жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға қол жеткізуге ұмтылатын кез келген мемлекеттің дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Оның негізгі принциптерін БҰҰ Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жасау жөніндегі жетінші Конгресі қабылдаған және БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылғы 29 қарашадағы 40/32 және 1985 жылғы 13 желтоқсандағы 40/146 қарарлары­мен, сондай-ақ Судьялардың мәртебесі туралы заң бойынша Еуропа Хартиясымен мақұлданған.Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ еліміздегі сот және құқықтық реформаға көңіл бөліп, оған бағыт-бағдар беріп келе жатқан Елбасымыздың осы салаға жүктеп отырған міндеттері де айқын. Сол міндеттердің тағы бір парасы Президентіміздің биылғы Жолдауында тағы да айқын орын алды.Советхан СӘКЕНОВ, Аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған әскери соттың төрағасы.