• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Сәуір, 2019

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету процедурасының қолжетімділігі артты

699 рет
көрсетілді

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу туралы консультацияны Халықты жұмыспен қамту орталығында ғана емес, аудан әкімдіктерінде де алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы төмендегі мекен-жай бойынша орналасқан: Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО. 

Бұдан бөлек, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін АӘК бойынша кеңес беру қосымша мына мекен-жайлар бойынша да жүріп жатыр: «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7; «Байқоңыр» аудан әкімінің аппараты, Брусиловский көшесі, 17/3; «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Қабанбай батыр көшесі, 33; «Сарыарқа» ауданы әкім аппараты, Сарыарқа даңғылы, 13. 

Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қосымша төмендегі мекен-жайларда орналасқан ХККО-да да қызмет көрсетеді: «Есіл» ауданы – № 1 бөлім, Мәңгілік Ел д-ы, 30, № 2 бөлімі Сауран көшесі, 7; «Алматы» ауданы – № 3 бөлім, Достық к-сі, 13, № 4 бөлім, Тәуелсіздік даңғылы, 32; «Байқоңыр» ауданы – № 5 бөлімі, Абай даңғылы, 80; «Сарыарқа» ауданы – № 6 бөлім, Сейфуллин к-сі, 22-үй, № 7 бөлім, С409 көшесі, 13, № 8 бөлім, Республика даңғылы, 43.