Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:13
Бас прокуратура құқық қорғау функциясын күшейтуді, көліктің барлық түрлеріндегі қауіпсіздікті, тасымалданатын жүктердің сақталуын, жолаушылар мен көлік қызметін пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді басты басымдық ретінде белгілеп берген болатын.2011 жылы Бас көлік прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы көлікті біліксіз пайдалануға байланысты жүйелі бұрмалаушылықтар анықталды. Оның өзі техниканың жарамсыз болуына соқтырып отырған. Осылайша өткен жылғы қадағалау тексерулері қорытындысында 114 локомотивті, 2,5 мыңдай жолаушылар және жүк вагондарын, темір жол көлігіндегі 130 арнаулы жылжымалы құрамды, түрлі авиакомпаниялардың 7 әуе кемелерін, 6 ірі теңіз және 2 өзен кемелерін пайдалануға тыйым салынды. Өткен жылы көліктің барлық түрлеріндегі қауіпсіздік шараларын бұрмалау саны төмендеді. Оның өзі көлік прокурорлары жұмысының белсенділігін арттыру нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:13
Бас прокуратура құқық қорғау функциясын күшейтуді, көліктің барлық түрлеріндегі қауіпсіздікті, тасымалданатын жүктердің сақталуын, жолаушылар мен көлік қызметін пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді басты басымдық ретінде белгілеп берген болатын.2011 жылы Бас көлік прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы көлікті біліксіз пайдалануға байланысты жүйелі бұрмалаушылықтар анықталды. Оның өзі техниканың жарамсыз болуына соқтырып отырған. Осылайша өткен жылғы қадағалау тексерулері қорытындысында 114 локомотивті, 2,5 мыңдай жолаушылар және жүк вагондарын, темір жол көлігіндегі 130 арнаулы жылжымалы құрамды, түрлі авиакомпаниялардың 7 әуе кемелерін, 6 ірі теңіз және 2 өзен кемелерін пайдалануға тыйым салынды. Өткен жылы көліктің барлық түрлеріндегі қауіпсіздік шараларын бұрмалау саны төмендеді. Оның өзі көлік прокурорлары жұмысының белсенділігін арттыру нәтижесінде жүзеге асып отыр.
«Жетіген – Қорғас» және «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жолдар құрылысы барысында елеулі бұрмалаушылықтар анықталды, атап айтқанда, жолдың жоғарғы қабатына сапасыз материалдар пайдалануға жол берілген жоқ. Аталған бұрмалаушылықтардан келген шығын 1,5 миллиард теңгені құрайды. Бас көлік прокуратурасының ұсынысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ анықталған бұрмалауларды жою жөнінде шаралар қабылдап, жоғарыда аталған сома мердігерлерден ұсталды және сапасыз материалдар алмастырылды.«SCAT», «Казавиаспас» және «BEK AIR» авиакомпаниялары қызметтерінен де өрескел бұрмалаушылықтар анықталды. Олар құрамдаушы бұйымдарының мерзімдері өткен, сол сияқты техникалық жарамсыздығы бар ұшақтарды пайдаланып келген. Ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін үлкен кемшіліктер өзге де авиакомпаниялар мен әуежайлар қызметтерінде анықталды. Олардың ішінде Семей, Петропавл қалаларының және Үржар селосының әуежайлары неғұрлым проблемалылар қатарына жатады.Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаудағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген мақсатты қадағалау жұмыстары шикі мұнайды Қазақстан аумағынан түрлі мұнай өнімдері деген атпен алып шығудың қылмыстық схемасын анықтауға жағдай туғызды. Тек «Spring Oil Trading» ЖШС-ның өзі ғана іс жүзінде шикі мұнай болып табылатын 147 мың тонна өнімді «тұрақтандырылған мұнай композиті» деген атпен экспортқа шығарған. Соның салдарынан бюджетке 4 миллиард теңгеден астам қаржы кедендік баж салығы және салықтар ретінде түспей қалған.Көлік және коммуникация министрлігі мен жеке тасымалдаушыларды тексеру барысында тасымалдаушылардың жолаушыларды темір жол көлігінде әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау туралы заңнаманың бұрмаланғандығы анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тасымалдаушылардың шығындарына негізсіз жатқызылған 60 миллион теңгеден астам субсидиялар республикалық бюджетке қайтарылды.Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген жұмыстар 28 мыңнан астам адамның құқықтарын қорғауға жағдай жасап, қадағалау актілері бойынша көлік кәсіпорындары қызметкерлеріне 1,7 миллиард теңгеден астам сомада еңбекақы төленді.Сол сияқты мемлекеттік органдар, әсіресе, құқық қорғау органдары тарапынан болатын заңсыз араласулардан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарының да белсенділігі артты. Осы мақсаттарда үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерін тарта отырып, жұмылғыш топтар жұмысы ұйымдастырылды, мәліметтер барлық темір жол вокзалдары мен әуежайларда орналастырылды.Құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне қойылатын жаңа талаптарға сәйкес көлік прокурорлары құқық қорғау органдарының қылмыстар туралы шағымдары мен хабарламаларын есепке алу, тіркеу және қарау заңдылықтарын сақтауына ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстар заңды бұрмалау, қылмыстарды жасыру және шағым берушілер құқықтарын ескермеу фактілерінің әлі де жойылмағандығын көрсетті. Өткен жылы қылмыстарды есепке алудан жасыруға байланысты көлік прокурорлары 49 қылмыстық іс қозғады. Бүтіндей алғанда, қабылданған шаралар қылмыстардың ашылу көрсеткіштерін қолдан жасау мүмкіндіктеріне шектеу қоюға жағдай туғызды.Есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауды тексеру қорытындылары Бас көлік прокуратурасының алқа мәжілісінде қаралып, қадағалау актілері бойынша құқық қорғау органдарының 139 кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Қылмыстарды тергеу функциялары бар арнайы прокурорлар институтын енгізу жазалаулардың қайткенде де орындалу принципін жүзеге асыру тиімділігін айтарлықтай арттырды. Бұл бағытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысында ақша қаржыларының ұрлануына байланысты қылмыстарды тергеу айтарлықтай нәтижелер берді. Бұл сияқты бұрмалаулар ел экономикасына орасан зор нұқсан келтіреді.Қоғамда үлкен қозғау салған істерді тергеу де арнаулы прокурорлар тәжірибесіне енгізіліп отыр. Мәселен, арнаулы прокурорлар 2011 жылдың маусым айында Ақтөбе облысының Тас стансасындағы жолаушылар және жүк пойызының соқтығысуына байланысты қылмыстық істі қарады. Нәтижесінде тепловоз машинистері қозғалыс қауіпсіздігі және темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылып, түрлі дәрежедегі жазалау шараларын алды.Бүтіндей алғанда, көлік прокуратурасы органдарының қадағалау қызметінің нәтижелері оның одан әрі дамуы мен жетілуі, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді табысты жүзеге асыруы үшін қажетті база ретінде қызмет ететін болады.Ыбырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ, Бас көлік прокуроры, аға әділет кеңесшісі.