«Арда» қайырымдылық қоры ұйымдастырған іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Бұл туралы shymkent.gov.kz хабарлады.
Үшінші мегаполистегі аутизм диагнозы қойылған балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы шерумен басталды.
Балалар отырған «Red bus» автобусы Шымкент көшелерімен салтанатты сап түзіп, бейбіт күн белгісін паш етті. Акция «Панорама» мейрамханасында жалғасты. Онда аутизм диагнозы қойылған балғындар мен ата-аналары ақ көгершіндерді көкке ұшырып, концерттік бағдарламаны тамашалады.