• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Ерлан Қошанов Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

577 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық Қоғамдық кеңес алдында сөз сөйледі. Өз есебінде ол өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Сонымен қатар жұмыс жоспарымен бөлісті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімнің айтуынша, билік жұмысының басты бағыты - адамдардың өмір сапасын жақсарту болып табылады. Осы жылдың қаңтар айынан бастап облыс кәсіпорындарындағы 220 мың жұмысшының еңбекақысы 14%-ға өсті. Коммуналдық қызметтерге тарифтер орта есеппен 5 -10%-ға төмендеді. Бұл тұрғындарға жылына 3,2 млрд. теңге дейін қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ерлан Қошанов сонымен қатар халықты толғандыратын басты мәселелердің бірі – тұрғын үй және инфрақұрылым екенін атап өтті. Аталмыш салаға қатысты өткен жылы өңірде 4135 пәтер пайдалануға берілді. 

- Облыста 36 мыңға жуық кезекте тұрғандар бар. Сондықтан да біздің міндетіміз барынша көп баспана салу, - деді аймақ басшысы.

Құрылыс Қарағанды қаласында ғана емес, Жезқазған, Балқаш және басқа қалалар мен аудандарда да белсенді түрде жүргізіле басталды. Биыл тағы 440 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

- Кезекте тұрғандар қатарынан 1100-ден астам отбасы пәтер алады, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Жеке құрылыс компаниялары үш жыл ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 3,5 мың пәтер салуды жоспарлап отыр. Олардың 1000-нан астамы осы жылы тапсырылады. 

Сондай-ақ облыстық бюджеттен бастапқы жарнаны субсидиялауға тұрғын үй сертификаттары үшін бір млрд. теңге бөлінді. Оларды бағдарламаға қатысушы 1000-нан астам отбасы алады. 

Қоғамдық кеңес мүшелерін мұғалімдер мен басқа да бюджет қызметкерлеріне арналған тұрғын үй, жол жағдайы, студенттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды.

- Мен әсіресе ауылдық жерлерден келген студенттер үшін өзекті тақырыпты көтергім келеді. Бұл жатақхананың қолжетімділігі. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? – деп сұрады Александр Зевахин.

Ерлан Қошанов қазір облыста жатақханаларда 2350 орын жетіспейтінін растады. Оның ішінде колледждерде 950 орын және ЖОО-да 1300 орын. Бірақ бұл мәселені билік шешуге уәде берді.

- Жұмыс Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында жүргізілуде, - деді облыс әкімі. - Балқашта, Абай мен Қарағандыда колледж студенттеріне арналған жатақханалар салынды. Биыл Қарқаралы қаласында 100 орындық тағы бір жатақхана құрылысын бастаймыз. Сондай-ақ, медицина университеті биыл бірінші жатақхананың құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Олардың барлық құжаттары бар, жер телімін біз бөлдік. Техникалық университет басшылығы инвестор тапты. Жақында олар да құрылысқа кіріседі. Алдағы екі жылда облыстағы жатақханалар мәселесі жабылады. 

Сондай-ақ, облыс әкімі өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы да тоқтала кетті. Облыс бойынша жағдай тұрақты және бақылауда. Бұл үлкен дайындық жұмыстарының арқасында мүмкін болды. 77 елді мекенде қорғаныс дамбалары мен үйінділері салынды, өзен жағалаулары нығайтылды.

- Алдын алу шараларының арқасында елді мекендерді су басуға жол берілген жоқ. Бүгінде барлық қызметтер тәулік бойы жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.