• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Есірткі тасымалдауға қатысы бар күдіктілер ұсталды

484 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар құрамына Қазақстан азаматтары А. Құттыбаев және П. Бадкенов кірген есірткі тобының заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті деп хабарлайды ҰҚК Баспасөз қызметі.

2018 жылғы 20 шілдеде ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті А. Құттыбаев пен П. Бадкеновті ұстап, олардың «қойма» ретінде қолданып жүрген пәтерлерінің бірінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында 139 кг марихуана және 5 кг гашиш тауып, тәркіледі.

 

2019 жылғы 19 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. А. Құттыбаев пен П. Бадкенов қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.