• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Сәуір, 2019

2 күнде 2 мыңға жуық қала тұрғыны АӘК алуға қатысты өтініш түсірді

538 рет
көрсетілді

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың алғашқы күні 1 мыңнан астам адам өтініш білдірсе, екінші күні 800-ге жуық адам өтініш берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Оның ішінде 128 адам автоматты түрде АӘК алушы болып табылады. 

«Әзірге өтінімдерді қабылдаймыз, содан кейін оларды өңдейміз. Бұдан әрі бұл тізімді учаскелік комиссияға береміз. Олар тұрғын үй жағдайларын тексереді, содан кейін АӘК тағайындау туралы анықтама беріледі. Осының барлығы артық дегенде 5 жұмыс күні ішінде істеледі», – деп мәлімдеді қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде.