• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2019

Ішкі істер министрі 5-6 сәуірде мобильдік «Жолда қабылдау» өткізуді тапсырды

529 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықпен кері байланысты, полиция бөлісністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету үшін 5 және 6 сәуір күндері еліміздің барлық өңірлерінде мобильдік «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін болады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің барлық өңірлерінде, қалалар мен аудан орталықтарында полиция департаменттерінің, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметі басшылары азаматтарды мобильдік қабылдау жүргізеді.

Елді мекендерде азаматтардың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустар барады. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы шағымдана алады немесе полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы біле алады және ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Республика бойынша барлығы 250 мобильдік қабылдау пункттері жұмыс істейтін болады. Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан бөліністері, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика басшылары да жұмыс істейтін болады. «Жолда қабылдау» акциясынның өткізілетін орны және әрбір қала мен аудандағы мобильдік пункттердің орналасуын ІІМ-нің порталына http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/Reception_on_the_road  сілтемесі арқылы, сондай-ақ полиция департаменттерінің кіші порталында және ішкі істер органдарының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.