Іс-шаралар 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде болады.
Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде елдің медициналық ұйымдарында сәуірдің 1-інен 10 аралығында ашық есік күндері басталады.
Әрбір ниет білдіруші өзінің денсаулығының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және практикалық бейінді мамандардың көмегін тегін ала алады, олар: офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог, балалар ортопеді, логопед, дефектолог және басқалар.
Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде еліміздің барлық медицина ұйымдарында флешмобтар, салауатты жаттығулар, веломарафондар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жалпы білім беретін мектептерде Денсаулық Елшілерінің, танымал спортшылар, әншілер, актерлердің қатысуымен жаттығулар өтеді.
Денсаулық Мектептерінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халықпен медицина қызметкерлерінің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің «Уақтылы скрининг өту» тақырыбында кездесулер өтеді