• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2019

Регбиден Қазақстан командасы әлемдік лигаға іріктеу сынын жеңіспен бастады

549 рет
көрсетілді

Гонконгта регби-7 спортынан әлемдік лига турниріне іріктеу сыны өтіп жатыр. Қазақстан әйелдер командасы алғашқы матчта жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші матчта Қазақстан мен Аргентина құрамалары кездесіп, 17:12 есебімен біздің команда жеңіске жетті.

Келесі ойында қазақстандықтар Бразилияға қарсы ойнайды. 

Еске сала кетейік, Қазақстан С тобында өнер көрсетуде. Бұл топта Аргентина, Бразилия және Польша командалары бар.

Жарыста жалпы есебі 12 құрама бақ сынауда. Топтық кезең қорытындысы бойынша сегіз үздік команда келесі айналымға жолдама алады.