• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2019

Серік Сәпиев кәсіби боксшы Фируза Шарипованың мәлімдемесіне қатысты жауап берді

729 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев кәсіби боксшы Фируза Шарипованың мәлімдемесіне қатысты жауап берді.
«Отандық спортшыға қолдау көрсету мақсатында, WBC чемпиондық белбеуінің иегері Ева Вальстрем мен Фируза Шарипованың біріккен жекпе-жегін өткізу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдың мамыр айында 74,8 млн көлемінде қаражат бөлді. Алайда ол осы жекпе-жекті өткізудің орнына, Юлия Куценкомен өз титулын қорғау жекпе-жегін өткізген. 

Осылайша, аса маңызды бірлескен кездесуге бөлінген 74,8 млн теңге қаражат қорғау жекпе-жегін ұйымдастыруға жұмсалған», деді комитет төрағасы.