• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2019

Елордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

1123 рет
көрсетілді

5, 6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Жолда қабылдау» атты республикалық акция өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Екі күн бойы сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтары жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін ала алады. 

Полиция департаментінде мәлімдегендей, мобильді топтар азаматтарды «Жолда қабылдау» деген жазуы бар автобустарда қабылдайды. 

Акция барысында қала тұрғындары жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төл-құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша құқытық кеңес ала алады. 

Шара «Алма» сауда үйінің ауданы (Республика даңғылы, 45),  «Mega Silk Way» сауда-ойын сауық кешені (Қабанбай батыр даңғылы, 62),  «Astana Mall» сауда-ойын сауық кешені (Тәуелсіздік даңғылы, 34), «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының»  ауданы (20-40 көшесі), Орталық сауда кешені (Алаш тас жолы) және Алматы ауданының мемлекеттік кірістер бойынша басқармасының ауданы (Жұбанов көшесі мен Абай даңғылы, 78 қиылысы) сияқты қаланың 6-аумағында өткізіледі.