• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2019

Асқар Жұмағалиев Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрімен кездесті

435 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапары барысында мемлекеттің Премьер-министрі Новруз Мамедовпен кездесті. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегіне қатысты өзара пікір алмасты.

Жұмыс сапары аясында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі министрі Яхья Мусаев және  Көлік, байланыс және жоғары технологиялар  министрі  Рамин Гулузаделермен кездесіп, Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің қорғаныс өнеркәсібі және жоғары технологияларды дамыту салаларындағы өзара ынтымақтасу мүмкіндіктерін талқылады.

Асқар Жұмағалиев сонымен бірге,  жұмыс сапары барысында «ASAN» хидмат (қазақстандық Халыққа  қызмет көрсету орталығының баламасы) орталығының жұмысымен де танысты.