• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2012

Басынған барымташылар

269 рет
көрсетілді

Басынған барымташылар

Сейсенбі, 6 наурыз 2012 8:19

Ауыл-аймақта мал ұрлығы, барымташылық белең алып тұр. Олардың басынғандары сонша­­лық, әлгілер тұрғындардың асырап отырған ақ адал малын ал­ғашқыда жалқылап ұрласа, құ­ны­ға келе үйірлеп ұрлауға көшті.

Солардың бірі Теректі ауда­­нын­дағы Қоғалытүбек ауылының тұр­ғыны жайылымда жүрген төрт жылқысының ізім-ғайым жо­ға­­лып кеткендігі жөнінде жер­­­гі­лік­ті полицияға шағымданған. Атал­ған дерек бойынша шұғыл іздес­тіру шаралары қолға алын­ған. Тайпақ полиция бөлімше­сі­нің бас­тығы подполковник А.Ал­­­да­бергеновтің жетекшілігімен күн­діз-түні жүргізілген іс-шара ақы­ры өз нәтижесін берді. Аты­рауға бағыт алған көзге күдікті көрін­ген көлікті тоқтатып, қо­ра­бын тексергенде, бөлшектелген жыл­қы­ның ет-терісі табылды. Қыл­мыстық топ мүшелері 21-30 жас аралығындағы Атырау, Орал қа­лаларының тұрғындары болып шық­­ты. Олар биылғы жылы Те­ректі ауданының «Ырыс» жайылымынан үш жылқыны барымталаса, Сырым ауданындағы Қы­зыл­ағаш ауылы тұрғынының үш жылқысын қорасынан ұрлап кеткен. Ақжайық ауданы тұрғы­ны­ның екі сиырын да ұрлаған осы қылмыскерлер болып шықты.

Фатихолла МАШТАҚОВ, Батыс Қазақстан облыстық  ішкі істер департаментінің  баспасөз қызметі.