• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2019

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

637 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда ««Астана – адалдық алаңы» және азаматтық сектор. Сенім.Әріптестік.Даму» тақырыбында дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дөңгелек үстел жұмысына қаланың жастар және этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен қатысушылары, ҚХА өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және т.б қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты – «Астана – адалдық алаңы» жобасы және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы ақпараттандыру, елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үдерісіне азаматтарды тарту. 

Дөңгелек үстел аясында «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Мирас Шекенов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Жазира Жылқышиева елордада мектептерде, балабақшаларда, медициналық мекемелерде және қалалық мемлекеттік органдарда халықпен жұмыс істеудің жаңа форматының енгізілгенін айтты. Соның арқасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейі едәуір қысқартылды. 

«Біз үнемі мониторинг жүргізіп, қолымызды пульсте ұстап тұрамыз. Сарыарқа, Алматы аудандық әкімдіктерінің қалай өзгергендігін қараңызшы, енді кезекте – Байқоңыр мен Есіл аудандарының әкімдіктері тұр. Онда барлығы түбегейлі өзгерді», – деді Мирас Шекенов.

Іс-шараны «Қырғызстан-Астана» ҚБ, «Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық Альянсы» ЗТБ, елордалық ҚХА қолдауымен «Қарсы» ҚБ ұйымдастырды.