Алдағы тәуліктерде Нұр-Сұлтан қаласында аздаған жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша ертең, 6 сәуірде астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…-2 °С, күндіз +6…+8 °С.
7 сәуірде көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -3…-5 °С, күндіз +8…+10 °С көрсетеді.
8 сәуірде күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3…-5 °С, күндіз +10…+12 °С.