Бейсенбі, 12 сәуір 2012 7:17
Кезінде жеңіл олжа көкейін тесіп көл-көсір байлықты жымқырған Е.Қартбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеуді Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті аяқтады. Бұл 2008 жылдың маусымы – 2009 жылдың сәуірі аралығында Ақтөбе қаласында өзгелермен топ құрып, ұйымдасып мол қаржыны қолма-қол ақшаға ауыстыру мақсатында және өзіне мүліктік пайда табу әрі контрагент-кәсіпорындарды бюджетке салық және міндетті төлемдерді төлеуден босату үшін “Байтерек Строй Сити” ЖШС коммерциялық ұйымын құрып, есеп шоты арқылы тауарсыз операцияларды жүзеге асырған. Сөйтіп, мемлекетке 9,8 млн. теңге мөлшерінде ірі залал келтірген.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Е.Қартбаев ҚК-нің 28-бабы 5-бөлімі бойынша қылмыс жасауға жәрдемдескені, ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі «б»-тармағы бойынша жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға шартты түрде (2 жылға сынақ мерзімімен) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сөйтіп, алаяқ айласын асыра алмады. Енді қолмен жасағанды мойынмен көтеруден басқа жол жоқ.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.