«65 экономикалық қызмет түрінен 365 тауарлық позиция айқындалды. Бұл кредиттер «Бизнестің жол картасы-2020» арқылы субсидияланады. Мақұлданған 6 жоба бойынша Даму қоры 4,4 млрд теңгеге субсидияландыру шарттарын жасады», деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі кезге 283 млрд. теңге кредит сомасына 282 өтінім дайындалу сатысында.
«Екінші деңгейдегі банктер қарауында 17 млрд. теңгеге 52 өтінім. Сонымен бірге бизнесті қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру үшін бірқатар шаралар пысықталуда:
1.«Қарапайым заттар экономикасы» кредиттеуінің инвестициялар мен аййналым қаражаты арасындағы арақатынасын қайта қарау;
2. «Бизнестің жол картасы-2020» арқылы «Қарапайым заттар экономикасын» кепілдендіру құралын енгізу;
3. «Бизнестің жол картасы-2020» қаржыландыруын арттыру».
Министр өз сөзінде әкімдіктердің өңір экономикасын дамытуда ынталы болуы тиіс екенін айтты.
«Әкімдіктер өңірлердің экономикасын дамытуға мүдделі болуы тиіс. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қолдау шараларын бірлесіп қаржыландыруы қажет», деді Руслан Дәленов.