• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтан қаласында 50 көпбалалы отбасы жылдың соңына дейін тұрғын үй алады

1057 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында 200-ге жуық аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, оның ішінде 50 отбасы жылдың соңына дейін тұрғын үй алады. Бұдан басқа әкімдік 2 мың адамға жалпы сомасы 2 млрд.теңгені құрайтын тұрғын үй сертификаттарын береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында айтты.

«Жалпы алғанда, 2019-2021 жылдар аралығында меценаттар, демеушілер және жеке инвесторлар есебінен 1 772 отбасы, оның ішінде 2019 жылы 750 отбасы қамтамасыз етіледі», деді министр.

Бердібек Сапарбаев өңір әкімдері осы тәжірибені өздерінде де енгізе алатынын айтты.

«1 178 ірі және орта кәсіпорындарда көп балалы ата-аналар қатарынан 23,3 мың адам жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Оның ішінде 15 мыңға жуығының жеке тұрғын үйі жоқ. Бұл проблема мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың бірлескен күшімен шешілуге тиіс деп есептеймін».

Сонымен қатар, сөз соңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында Еңбек министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдарға, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ағымдағы жылғы сәуір айының соңына дейін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде республикалық кеңес өткізуді ұсынды.